74 бала тегін сүндеттелді

14
21.10.2024 20:23

Түркістандық 74 бала тегін сүндеттелді. Игі іске Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ мұрындық болды. Қара күзге дейін жалғасатын акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қауіпті аурулардың алдын алу мақсатындағы оталар оқу орнының клиника-диагностикалық орталығында өткізілген. Акцияны қорытындылаған университет басшылығы сүндет той жасап, бүлдіршіндерді мұсылман атануларымен құттықтады. Айта кетсек, қазіргі таңда сүндеттеу қызметінің құны 20 мыңнан басталады. Сондықтан аталған шара әсіресе көпбалалы ата-аналарға зор көмек болып отыр.