Түркістан
EN

Есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

142
15.12.2021

Елдің бес өңірінде есірткі саудасын жолға қойған қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наркодилерлер қараша айының басында көзге түскен. Оның құрамында он адам болыпты. Ал есірткі заттары Ресейден тасымалданған. Күдіктілер тыйым салынған заттарды үйде, жалдамалы пәтерлерде, сондай-ақ арнайы жабдықталған қоймаларда сақтаған. Қылмыскерлерден барлығы 2 жарым келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Енді оларды 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе дүние-мүлкін тәркілеумен қоса өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.