Көлік құралдарын тіркеудің қылмыстық схемасы жойылды

12
21.10.2024 16:49

Көлік құралдарын тіркеудің қылмыстық схемасы жойылды. Алматыда VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды. Арнайы топ көлік құралының бірегей кодын өзгертіп, құжаттарды қолдан жасап келген. Қылмыстық іске халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің де қатысы бары анықталып отыр.