Түркістан
EN

Технологиялық парк құру бойынша келіссөз жүргізілді

101
21.10.2024

Түркістанда технологиялық парк құрылады. Осы мақсатта облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының ІТ компания өкілдерімен келіссөз жүргізді. Алдағы уақытта аталған парк аймақтың экономикалық және индустриялдық дамуы үшін стратегиялық маңызды жобалардың біріне айналмақ. Жоба шеңберінде электроника, компьютерлік жабдықтар, оптикалық кабельдер мен техникалық қызмет көрсету орындарын, электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделіп отыр. Осы арқылы ІТ саласында Түркістанның өз бренді қалыптаспақ.Технологиялық парк тек өндірістік қуаттылықты арттырумен шектелмейді. Аймақты жаңа технологиялық инновациялардың орталығына айналдыруға, шетелдік инвесторларды тартуға септігін тигізеді.