Түркістанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай «Агрофест Түркістан – 2024» салтанатты шарасы өтті. Мерекелік кеште озат агроқұрылым басшылары марапатталды. Олардың арасында ет өнімдерін экспорттаушы, жылыжай ісімен айналысушы, сондай-ақ бақша өнімдері мен астық өсіріп, мал санын көбейтіп отырған шаруалар бар. Оған қоса жаңа технологияны қолданған агроқұрылымдар да марапаттан қалыс қалмады. Шарада еліміздің эстрада жұлдыздары «МұзАрт» тобы, Қайрат Нұртас және Мирас Жүгінісов өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.