Түркістан
EN

Креативті студенттердің республикалық конкурсы өтті

155
18.10.2024

Түркістанда отандық жоғары оқу орындарының креативті студенттері бақ сынады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 10 оқу орнынан келген 40-тан аса студент «Индустрия: Креативті студент» атты республикалық конкурста иновациялық ғылыми жобаларын қорғады. Байқау шарты бойынша жобалардың қоғамға тиер пайдасы болуы керек. Қорытынды кезеңге өткен қатысушылар: «Интеллектуалды шахмат тақтасы», «Smart көпір жобасын жасау әдістемесі», «Тірек -қимылы бұзылған балларға арналған көп функционалды техникалық құрылғылар" секілді маңызды тақырыптарды қамтыған. Озық ғылыми жобалар ұсынғандар қаржылай сыйлықтарға ие болды.