Түркістан
EN

10 мыңнан аса интернет алаяқтық тіркелген

170
18.10.2024

Елімізде биыл жыл басынан бері 10 мыңнан аса интернет алаяқтық тіркелген. Соның салдарынан қазақстандықтар 18,2 млрд теңге шығынға батыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4.1 пайызға жоғары. Осы ретте Түркітілдес журналистер қоры ел арасындағы алаяқтық іс-әрекеттердің алдын алып, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобаны қолға алды. Игі істің басты серіктесі – «Халық банк» акционерлік қоғамы. Бүгін семинар Түркістан қаласында өтіп жатыр. Шара аясында өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қаржы тақырыбына қатысты тың деректермен танысып, жасанды интеллектіні іскерлік журналистикада қолдануды үйренбек.