Түркістан облысында қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды әлемге әйгілі испандық компания өкілдерімен кездесіп, жобаның жай-жапсарын талқылады. Кәсіпорын гидрогаздандыру технологиясымен жұмыс істемек. Ол - Еуропа елдері қолдаған қалдықсыз, қоршаған ортаға зиянсыз әдіс. Аталған технология арқылы қоқыстан жаңа өнім түрлері шығарылады. Заң жағынан сүйемелдеуді «Қазақинвест» ұлттық компаниясы жүргізеді. Жоба инвестор компания мен ел үкіметі арасында түзілген келісім негізінде жүзеге аспақ.