Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, спортшылар, еңбек ардагерлері,шығармашылық адамдары бар. Мерекелік жиынға қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, қысқа мерзімде Қазақстанның негізі қаланғанын атап өтті. Бүгінгі жетістігіміз барша халқымыздың ортақ жеңісі деді Президент.