Түркістан
EN

«АGROFEST TÚRKISTAN - 2024» салтанатты шарасы өтті

150
17.10.2024

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «АГРО ФЕСТ ТҮРКІСТАН- 2024» салтанатты шарасы өтті. Бұл - өз несібесін жерден терген, қажырлы еңбектерімен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына қомақты үлес қосып келе жатқан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жылдық қорытындысы іспетті. Шаруалар тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген өңір диқандарының 3000 тоннадан астам өнімдерін ұсынды.