Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болған Түркістанға келушілер мен саяхатшылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Туристердің дені Түркиядан, Ресейден, Үндістаннан, Қытайдан және мұхит асып АҚШ-тан келгендер де бар. Олардан қазынаға 5 млрд 600 млн. теңге табыс түсіпті. Жалпы өңірде биыл туризмнің әлеуетін арттыру үшін қандай жұмыстар жасалды? Шұғыла Ғалиқызы жалғастырады.