Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 20 млрд теңгеге жуық шығынмен қаржы пирамидаларын құрған 57 қылмыстық істі тергеді. Нәтижесінде, 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Мәселен, Алматыда «HitBeatMusic» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Алаяқтар өздерін канадалық компанияның иесі ретінде таныстырып, жалған компанияның акцияларын сатумен айналысқан. Сот үкімімен кінәлілер 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.Айта кетейік, Мониторинг агенттігі осындай қаржы пирамидаларын тексеруге мүмкіндік беретін телеграм ботты іске қосты.