Қызылорда облысының тұрғыны «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды үйінде сақтап келген. Құстарды өзі аулап, шетелге сатпақ болған. Тәртіп бұзған азаматтың үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс табылды. Қазір құстардың жағдайы жақсы. Олар Шымкент қаласындағы зообаққа тапсырылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.