Түркістан
EN

Кентауды дамыту жолдары қарастырылды

2
17.10.2024

Әр аудан өзін-өзі қамтамасыз ете алатындай жағдайға жетуі тиіс. Кентау қаласының даму жоспарларын тыңдаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. 2025- 2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары баяндалды.  Қала әкімінің есебіне сәйкес, 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өсім көлемі 61 млрд теңгені құраған. Өз кезегінде, өңір басшысы Кентаудың даму әлеуі зор. Шаһарда жаңа кәсіпорындарды ашу үшін индустриалды аймақ құрылған. Аймақта жол, жарық, ауыз су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген. Бірақ әлі де жобалар жоқтың қасы,-деді.