Қазақстандықтар қазан айының екінші жексенбісінде мүгедектігі бар азаматтардың күнін атап өтеді. Еліміздегі мұндай ерекше жандардың 14 пайызы Түркістан облысының тұрғыны. Яғни өңірдегі 99 мың адам әр түрлі топтағы мүгедектердің қатарында екен. Бүгін олар облыс орталығындағы «Достық» үйінде бас қосып, жауаптыларға ұсыныс-тілектерін жеткізді.