Түркістан қаласындағы қазандықтар жылыту маусымына толықтай дайын. Қазір мамандар қысымдау-шаю жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді 20-қазаннан бастап көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Бұл туралы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Ерғазы Рысбеков мәлімдеді.