Ұлытауда жүк пойыздары соқтығысып, төрт адам жараланды. Бұл туралы Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға Сарысу разъезінде болған. Салдарынан тепловоз бен 5 вагон аударылып қалған. Локомотив бригада құрамы орташа дәрежеде жарақат алған. Айта кетсек бұл бір апта ішінде еліміздегі теміржол бойында орын алған екінші апат.