Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Күдікті тұлғалардан мемлекетке келтірілген 1,5 млрд теңге залал өндірілді. Сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды. Созақ пен Сауран аудандық білім бөлімдеріне қатысты тағы екі іс сотқа жолданған.