Түркістан
EN

Жолда қалған жүкті әйел құтқарылды

50
16.10.2024

 Полиция қызметкерлері босанғалы жатқан әйелге көмектесті. Оқиға Абай облысы Канонерка ауылының маңындағы тасжолда болған. Полицейлер көліктің жарығы жанып тұрғанын байқап, ондағы адамдардың көмекке мұқтаж екенін түсінген. Кейін белгілі болғандай, қарт кісі босанатын уақыты келген келінін перзентханаға апармақ болған. Алайда жарты жолға келгенде оның толғағы басталған. Тәртіп сақшылары жедел жәрдеммен байланысып, көліктің “Ертіс” бақылау бекетіне дейін қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз еткен.