Биылғы қуаңшылық еліміздің батыс өңірлеріне ғана емес, сонымен қатар Түркістан аймағына да кері әсерін тигізді. Алқаптарда шөп бітік шықпай мал азығына сұраныс артып, алып-сатарлар болса бағаны өсіріп жіберген. Сондықтан енді шарулар жем-шөп алу үшін несие рәсімдеуге мәжбүр болған.