Жетісу облысында есірткі сақтаған 33 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат табылды. Тәркіленген зат сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, синтетикалық есірткі тектес «мефедрон» екені анықталды. Жалпы салмағы шамамен алты грамм. Қазіргі уақытта, күдіктіге қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.