Түлкібас ауданында алдағы 6 жылдың ішінде 100-ге жуық жаңа жоба жүзеге асып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Өнеркәсіп саласында 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ал, ауыл шаруашылық саласында 14 жоба іске қосыылып, өнім көлемін 160 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланған. Бұл жайлы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалағымен өткен жиында баяндады. Облыс әкімі аймақты дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімінің баяндауынша, аймақты дамыту үшін ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бағытында жұмыс атқарылады. Ол үшін инвестиция тартып, жұмыссыздық деңгейін төмендету басым бағыт ретінде таңдалып отыр.