Түркістан
EN

Дархан Сатыбалды жеке қабылдау өткізді

5
16.10.2024

Түркістан облысының әкімі жеке қабылдау өткізді. Оған құқық қорғау органдарының басшылары мен департамент пен басқарма басшылары қатысып, әр мәселенің  оңтайлы шешілуіне қатысты. Қабылдауға  келген тұрғындардың сауалы сан алуан. Бірі жер телімін алу жайын қозғаса, енді бірі баспана кезегі, тұрғын үй алу мәселесін көтерді. Жұмысқа орналасу, жеке бизнес бастау мен әлеуметтік салаға қатысты мәселелер де тұрғындарды толғандырды. Жеке қабылдауға өз ұсынысын айтуға келгендер де болды. Түркістандық белсенді әкімге инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша ұсынысын жеткізді. Облыс әкімі бүгінге дейін 60 шақты жеке қабылдау өткізіп, 600-ге жуық тұрғынның мәселесі тыңдады.