Түркістан
EN

Түркістандық спортшы самбодан жастар арасында әлем чемпионы атанды

129
15.10.2024

Сүйінші жаңалық! Түркістандық спортшы Еркебұлан Ахат самбодан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Кипрде өткен бәсекеде өзге де жерлестеріміз бозкілем үстінде өнер көрсеткен болатын. Бүгін оларды Түркістан әуежайында туған туыстары мен жақындары сән-салтанатпен күтіп алды.