Биыл Түркістан облысы бойынша 7 мыңға жуық жас түлек өз мамандығы бойынша жұмысқа жолданған. Оның тең жартысы тұрақты қызметке орналасады. Осылайша «Жастар практикасы» бағдарламасы- дипломын енді қолына алған, тәжірбиесіз түлектердің жұмыс табуына ықпал етіп отыр. Бұл бағдарламаның игілігін көрген жастардың саны бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұр.