Түркістан
EN

Нұртас Оңдасынов 120 жыл: «Халықтың адал перзенті»

303
15.10.2024

 «Қандай қиын кездерде ел басқарсам да ешкімнің жаны мен қаны мойнымда жоқ – арым таза», «Ешкім­нен ешқашан пара алған емеспін – қолым таза»,  «Ешқашан ешкімнің руын, жүзін сұраған емеспін – жүзім таза». Бұл 34 жасында Қазақ үкіметінің тізгінін қолына алып, 13 жыл басқарған еліміздің біртуар азаматы Нұртас Оңдасыновтың айтқан сөзі. Биыл елім деп өткен ердің туғанына 120 жыл. Мерейтойға орай Түркістанда «Халқының адал перзенті» атты танымдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылып, қоғам қайраткерінің артында қалған мол мұрасы насихатталды.