Сарандағы қазандықтың дайын екенін айтып, жалған ақпарат бергендер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Ол өз сөзінде, мұның барлығы облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылау жоқтығынан дейді. Осыған дейін, Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қарағанды облысы қысқа толық дайын екендігін айтқан болатын. Алайда, қаладағы орталықтандырылған жаңа қазандық дайын болмай, тұрғындар жылусыз қалды.