Түркістан
EN

Қарулы күштер тарихында 29 сарбаз алғаш рет қызыл күрең берет киді

99
15.10.2024

Арнайы операциялар күштерінің 29 жауынгері алғаш рет күрең қызыл берет кию құқығын иеленді. Олар Шымкенттің «Орда» полигонында біліктілік сынағынан сүрінбей өтіп, батылдық пен абыройдың символы саналатын күрең қызыл берет киді. Жалпы сынаққа 54 үміткер қатысқан. Олардың барлығы дене шынықтыру нормативтерін тапсырып , психологиялық және теориялық тестілеу мен медициналық тексеруден өтті.  Сонымен қатар, арнайы жасақтар марш жүгіріп, газтұмылдырық кию, залалды аумақпен төрт жүз метр жүріп өту, жаралылардың қанын тоқтату әдісін қолдану және оларды эвакуациялау нормативтерін орындады.