Түркістанға қытайлық кәсіпкерлер делегациясы келді. Сычуань провинциясы өкілдерін Дархан Сатыбалды өңдеу өнеркәсібі, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық Одақ елдеріне тауар сатуға мүмкіндік мол екендігін тілге тиек етті.