Түркістан
EN

Шымкентте бірнеше қылмыстық топ ұсталды

51
15.10.2024

Шымкентте бірнеше қылмыстық топ ұсталды. 10-нан аса топ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысқан. Бірі ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетіп,  бопсалау, бұзақылық және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан. Енді бірі Шымкент кәсіпкерлерін бопсалап, өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған. Аталған фактілер бойынша 35 күдікті ұсталып, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.