Қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдық мерейтойы ел көлемінде кең көлемде атап өтілуде. Елордадан бастау алған мерейтойлық шаралар легін Сауран ауданы қолдаса, Түркістан шаһары жалғастырды. Ұлы дала елі орталығында Нұртас Дәндібайұлын еске алуға арналған «Халқының адал перзенті» атты танымдық-мәдени іс-шара өтті. Мерейлі жиынға келгендер алдымен ұлы тұлғаға арналған көрмені тамашалап, қайраткердің жүріп өткен жолымен танысты. Айта кетсек, Нұртас Оңдасынов Қазақ үкіметін 13 жыл басқарған азамат. Қазақ ұлттық консерваториясын ашқан. Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиевтердің аты шығуына тікелей ықпал еткен қазақ халқының біртуар дарынды тұлғасы.