Ұлт қайраткері ұлықталды

79
14.10.2024 21:37

 Ол Қазақ үкіметін 13 жыл басқарған. Қазақ ұлттық консерваторияны ашқан. Ыбырай Жақаев, Шығанақ Берсиевтердің аты шығуына тікелей ықпал еткен. Ол - Қазақ халқының біртуар дарынды тұлғасы Нұртас Оңдасынов. Мемлекет қайраткерінің  туғанына биыл 120 жыл. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында Нұртас Дәндібайұлын еске алуға арналған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Алайда бүгін Түркістан облысы Сауран ауданында өткен конференцияның жөні бөлек. Өйткені бұл - тұлғаның кіндік қаны тамған жері.