Түркістан
EN

Түркістандағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

106
14.12.2021

Тапа-тал түсте көпқабатты үйден өрт шықты. Оқиға бүгін Түркістандағы Отырар мөлтек ауданында болды. Көпқабатты тұрғын үйдің бірінде электр қалқаны сымдары тұйықталған. Тілсіз жаумен күреске  төтеншелік 3 техника, 10 адам жұмылдырылды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен күйік шалғандар жоқ. Тұрғындар  оқыс оқиғаның болуын газдың іске қосылмауымен байланыстырады.  Себебі олар тоқ көзі арқылы ас әзірлеп, үйін жылытады.