Қазір елімізде ауыл балаларына қолдау көрсету мақсатында түрлі шаралар қолға алынған. Соның бірі “Халық” қайырымдылық қорының бастамасы. Қор биыл республика деңгейінде спорттың 6 түрінен жарыс өткізуде. Жобаға 8 бен 15 жас аралығындағы 12 000-ға жуық ауыл баласы мен жасөспірімдері қатысады. Аталған сайыс күні кеше Түркістан облысында өтті. Үш күнге жалғасқан спорт сайысында облыстағы мыңнан аса бала бақ сынаған.