Мәдениет үйі салынып жатыр

22
14.10.2024 17:10

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғындары 8 жылдан бері Мәдениет үйіне мұқтаж. 15 мыңнан аса тұрғыны бар ауыл тозығы жеткен мәдениет үйін жаңартып беруді талай сұраған. Араға біраз жыл салып, халықтың өтініші орындалды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аймақта 300 орындық жаңа мәдениет үйінің іргетасы көтерілуде. 3 қабаттан тұратын ғимараттың бүгінде техникалық қабатына монилит жабу жұмыстары жүріп жатыр. Жобаға 107 млн теңге бөлінген. 2025 жылы құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Мамандар мұнда түрлі іс-шаралар өткізіледі, -деп жоспарлап отыр.