Түркістан
EN

Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

94
14.10.2024

Сауран ауданында 50 жылдай уақыт бұрын салынған мәдениет үйі жөндеуден өтті. Ескі Иқан ауылындағы ғимаратты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз көзімен көріп қайтты. 380 орындық мәдениет үйінің жанында қазір «Достық» этнофольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарына 408 млн теңге жұмсалған  қос қабатты ғимаратты аралаған өңір басшысы аудандағы басқа да мәдени ошақтарды қалпына келтіріп, жұмысын жандандыруды тапсырды. Жалпы, Сауран ауданына қарасты ауылдарда мәдени нысандар жаңадан бой көтеріп жатыр. Мәселен, Бабайқорған елдімекенінде клуб әрі кітапхананың құрылысы басталып жатыр. Майдантал ауылдық округінен де дәл осындай нысанды салу жоспарлануда.