Елімізде заңсыз көші-қон арналары әшкереленді. Жамбыл тұрғыны таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған. Ал Атырау облысында үш шетелдік жалған құжат пайдаланып, Қазақстан аумағында басқа ел азаматтарын тіркеумен айналысқан. Осыған ұқсас қылмыстық схема елордада ашылды. Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз рәсімдеуге қатысы бар бес жергілікті тұрғын ұсталды. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.