Түркістан
EN

Атырауда күдіктіден 71 киік мүйізі тәркіленді

10
14.10.2024

Атырауда күдіктіден киік мүйізі тәркіленді. Полицейлер қала аумағындағы ойын-сауық орталығының жанында Toyota Highlander автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлік салонынан пакетке салынған 71 дана киік мүйізі табылды.  Аталған дерек негізінде киікті заңсыз қолға түсіру, жою, мүйізін сату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.