Түркістан
EN

Зейнетақы жинағын «Отбасы банкке» аударуға болады

154
13.12.2021

Енді зейнетақы жинағынан «Отбасы банк» депозитіне бірден ақша аударуға болады. Бұл тетік Жаңа жылдан бастап емес, келер аптадан іске қосылады. Бүгін «Отбасы банк» басшысы процес жеделдейтінін мәлімдеді. Яғни, депозиттерді толтыру батырмасы 16 желтоқсаннан пайда болады. Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін үйде отырып-ақ «Отбасы банк» депозиттеріне аударуға мүмкіндік жасалып отыр.