Атом электр станциясын салуға шешім қабылдау - еліміздің болашаққа деген зор сенімінің нәтижесі. Бұл туралы бүгін Аманат партиясының Түркістан облысы филалы жанынан құрылған Мирас азаматтық қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Олар референдум нәтижесінің сәтті шешім болғанын айтып, Атом электр станциясының пайдасы жайлы сөз қозғады. Шетелдердегі реакторлардың жұмыс сапасын түсіндіріп, олардың ел экономикасына қосып жатқан үлесі баяндалды. Осылайша, болашақта өз жерімізде салынатын Атом электр станицясының мүмкіндіктері айтылды.