Алқабилер қалай таңдалады, және олар сот үкіміне қалай әсер етеді? Түркістанда өткен арнайы дөңгелек үстелде осы талқыланды. Оған облыстық және қалалық прокуратураның өкілдері, мектеп және балабақша қызметкерлері мен заңгерлер қатысты. Жиын барысында алқабилер институтын одан әрі дамыту керектігі айтылды. Сонымен қатар кандидаттарды сотқа дейінгі іріктеу, кандидаттар тізімін сапалы жасау, хабарлау жүйесі, халыққа ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша да мәселелер көтерілді.