Декандар біліктілігін шыңдайды. Ясауи университетінде Назарбаев университетінің бастамасымен декандардың кәсіби дамуына арналған жаңа бағдарлама басталды. Жобаның мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындары көшбасшыларының кадрлық резервін дайындау. Аталған шараға еліміздің 34 жоғары оқу орынынан 80-нен аса декан қатысып жатыр.