Елордада қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды. Компания өзін инвестициялық қор ретінде таныстырған. Бірақ қатысушыларға салымшылардың қаражатын таратып қана отырған. Азаматтардың барлық ақшалай қаражаттары компанияның банктік шотына емес, ұйымдастырушының жеке банктік картасына аударылған. 2018 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде компаниядағы ақша айналымы 18 млн АҚШ долларына жетіп, 3 000-нан астам салымшы алданған. Қазір қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларының бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.