Оқыс оқиға Ақтау қаласында болыпты. Бейнежазбада қоғамдық көліктің толықтай отқа оранғаны көрінеді. Оны ұялы телефонына түсіріп тұрғандар куәгерлер автобустің ішінде қалып қойғандарды құтқаруға көпшілік көмектескенін айтқан. Алайда Төтенше жағдайлар департаменті көлікте балалардың болмағанын, өрттің 25 минутта өшірілгенін жеткізді. Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылыпты. Қазір оқиға себептері анықталып жатыр.