Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы өңірлік мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Дархан Жазықбай өз сөзінде, адал әрі әділ болып, тек заң аясында әрекет етуіміз керек. Сонда ғана Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтің сапасы жақсарады дейді. Кездесу барысында үздік түлектердің аудандық және ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалатыны айтылды. Сондай ақ, «eQyzmet» жүйесінде мемлекеттік қызметке онлайн форматта іріктеудің тиімділігі сөз болды.