Түркістан еліміздің рухани астанасы. Түркі әлемінде де айрықша рөлге ие. Түркістанға ерекше статус беру шаһардың мұнан әрі дамуына сеп болмақ». Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп осындай пікірде. Ол бұл мәртебені заңдық-құқықтық негізде бекіту керек дейді. Осылайша қалаға тартылатын инвестиция мен құйылатын қаржы да көбейе түседі. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына тарихи және рухани астанасы мәртебесін беру мәселесін көтерген еді. Осы бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.