"Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады». Ал мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын Адал азамат идеалдарына сай ілгерілету агенттіктің үнемі назарында. Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай осылай деді. Түркістанда өтіп жатқан форум дәл осы агенттіктің бастамасымен ұйымдастырылған. Алқалы жиында қандай мәселелер талқыланды.