Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстанға ресми сапармен барды. Әуежайдан түркімен елінің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Екі ел басшысы Ашхабад төрінде ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Президент бұл ескерткіштің ашылуын түрікмен бауырлардың қазақ халқына айрықша құрметінің көрінісі деп санайтынын атап өтті. Сондай–ақ, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Президент бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті. Кездесу соңында қос тарап стратегиялық серіктестікті одан әрі өркендетуге ниетті екендерін жеткізді.