Қазақстан Республикасының парламенті сенатының депутаты Марат Қожаев Талғардағы қанды оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді. Сенатор 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот ашық түрде өтуі керек. Себебі бұл - қоғамның талабы,-дейді. Еске салайық, Марат Шәдетханұлы депутаттыққа дейін Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған еді.