Түркістан
EN

Шекарадан бензин алып өтпек болғандар құрықталды

121
13.12.2021

Түркістан тұрғындары жанармайға жарымай жүргенде, 960 тонна бензинді  шекара асырмақ болды. Қаржы мониторингі агенттігі газ конденсаты түріндегі АИ-92 маркалы бензинді Қырғызстанға өткізбек болғандардың жолын кесті. Оқиға Манкент темір жол станциясында болыпты. Бензиннің жалпы сомасы 229 млн теңгені құрайды. Тергеу барысында "газ конденсаты" түріндегі теміржол цистерналарына шығаруды жоспарлағаны белгілі болды. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге рұқсат жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.